Каталог статей

Главная » Статьи » Внеклассные мероприятия » Занимательный английский

Palindromes

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі палиндромия құбылысы

Палиндром – грек тіліндегі «палин» - «артқа» және «дромос» - «жүгіру» сөздерінен шыққан екі бағытта да оқылып, мағына беретін сөз немесе мәтін. Жекелеген палиндромдық сөзтіркестер ежелгі заманнан бері белгілі болған және адамдар оларда сиқир күш бар деп сенген.

Алғашқы авторлық палиндромдар Орта ғасырларда пайда бола бастаған деген тұжырымдар бар. Орыс әдебиетінде Гаврила Державиннің «Я иду съ мечем судия» палиндромы туралы нақты мәлімет бар. Сонымен қатар, ақын Афанасий Феттің «А роза упала на лапу Азора» палиндромы белгілі балалар жазушысы Алексей Толстойдың «Алтын кілт, немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» кітабының арқасында барша жұртқа кеңінен танымал болды.

Палиндромдардың негізгі екі түрі бар.

1.      Амбинимдер.

2.      Ретронимдер.

Амбиним деп екі бағытта да бірдей оқылатын сөздерді айтамыз. Мысалы:

 

Амбинимдер

 

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

қазақ

наган

Noon

қызық

шалаш

Level

қалақ

потоп

Madam

шаш

поп

Dad

   Ретроним деп бір бағытта бір мағына, қарсы бағытта басқа мағына беретін сөздер мен сөзтіркестерді айтамыз.Мысалы:

 

Ретронимдер

 

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Алаш - шала

нос - сон

not – ton

таза – азат

ропот - топор

live – evil

қысым –мысық

вор - ров

mood – doom

зат - таз

 

 

 

Палиндромдарды кез келген тілде көптеп табуға болады. Палиндромдар, тіпті, халықтық ауыз әдебиетінің ажыратылмас бөлігі болып саналады. Сондықтан, бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған палиндромдарға еш таң қалуға болмайды.

Өкінішке қарай, бұл сөз зерттеуге алған орыс және ағылшын тілдеріне ғана қатысты екенін ашық мойындауымыз қажет. Ал қазақ тіліне келер болсақ, қазақша палиндромдарды зерттеп, не болмаса оларды ойлап тапқан тұлғалар жайлы мәліметті еш жерде жоқтың қасы деуге болады.

Демек, палиндромия тақырыбы әлі өз зерттеушісін күтіп, талай құпия мен жаңалықтарды жасырып жатқан салалардың бірі.

Палиндромдарға қатысты қызықты мәліметтерге келер болсақ, орыс тіліндегі әзірге табылған ең ұзақ палиндром сөз – НАВОРОВАН (9 әріптен тұрады), ал фин тіліндегі екі сөзден әзірше еш сөз аса алмай тұр. Олардың әрқайсысы 25 әріптен тұрады:

 SOLUTOMAATTIMITTAAMOTULOS

және

SAIPPUAKUPPINIPPUKAUPPIAS

Категория: Занимательный английский | Добавил: ДТ (30.11.2011) | Автор: Кунебаев Нурлыбек E W
Просмотров: 2005 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Опрос 1
Вы любите свою профессию?
Всего ответов: 15
Опрос 2
Какое у вас сейчас настроение?
Всего ответов: 26
Плеер
Соц. закладки
Праздники
Форма входа
Категории раздела
Занимательный английский [1]
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
     Бесплатная раскрутка сайта