Каталог статей

Главная » Статьи » Методика » Обучение чтению

IELTS оқылым

IELTS емтиханынан қажетті ұпай жинау қиын емес

 

ACADEMIC READING TEST (оқу) тапсырудың құпиялары

IELTS Academic Reading Test үш бөлімнен тұрады. Тестті орындауға 60 минут уақыт беріледі. Тыңдалым бөлімінде жауаптарды жауаптар парағына көшіргенге 10 минут уақыт берілсе, тесттің оқу бөлімінде қосымша уақыт БЕРІЛМЕЙДІ. Алпыс минут біткен соң Сіздің жауаптарыңыз жауаптар парағында болуға тиіс.

Оқу тесті 3 мәтінге негізделген 40 сұрақтан тұрады. Барлық мәтіндердің жалпы көлемі 2000-2750 сөз құрайды.  IELTS емтиханының басқа бөліктері секілді, оқу бөлімінде де тапсырмалар бірте-бірте күрделендірілген.

Әрбір мәтін бойынша 2-3 түрлі13-14 сұрақ қойылады. Емтиханда кездесетін сұрақтардың түрлері төменірек қарастырылған. Мәтіндер негізінен түрлі журналдардан, кітаптардан және газеттерден алынғандықтан, оларды түсіну үшін белгілі бар салада маман болудың қажеті жоқ.

Кем дегенде бір мәтінде логикалық дәлел келтіріледі. Кейде мәтінде диаграмма, график немесе сурет берілуі мүмкін. Егерде мәтінде қарапайым оқырман түсіне алмауы мүмкін арнайы сөздер мен терминдер кездессе, олардың түсіндірмесі мәтіннен кейінгі сөздікте міндетті түрді беріледі.

Бағалау жүйесі

Оқу бөліміндегі 40 сұрақтың әрқайсысының дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады. Жарты ұпай берілмейді. 40 сұраққа берілген дұрыс жауаптар саны төмендегі кесте бойынша 1 мен 9 арасындағы ұпайларға ауыстырылады. Жауаптарды ұпай санына ауыстыру кестесі әрбір мәтіннің күрделігіне байланысты кішкене өзгеруі мүмкін. Бірақ дегенмен, төменде келтірілген кесте көмегімен Сіз өз деңгейіңізді шамамен анықтай аласыз.

IELTS Academic Reading Test бойынша дұрыс жауаптарға берілетін ұпай саны

Дұрыс жауап саны

 Ұпай саны

1
2-3
4-9
10-15
16-22
23-28
29-35
36-38
39-40

1
2
3
4
5
6
7
8
9

 

 

IELTS Academic Reading Test сұрақтарының түрлері

IELTS емтиханының Academic Reading test бөлімінде кездесетін сұрақтар түрлері нақты және шектеулі. Бұл тізіммен таныс болған, әрине, пайдалы, бірақ сұрақ түрлерін нақты меңгерудің ең тиімді әдісі – жаттығулар жасау.   Сұрақтар түрлері төмендегідей:

· бірнеше жауаптан дұрысын таңдау

· қысқа жауаптар

· сөйлемді толықтыру

· мәтіннің қысқаша мазмұндамасын аяқтау

· схема/диаграмма/кесте/графикті толықтыру

· атаулар мен абзацтарды сәйкестендіру

· жазушының ойын, ұсынысын, ақпаратын жазушының өзімен сәйкестендіру

· мәтіндегі ақпаратты айқындау: дұрыс/бұрыс/жауап берілмеген

· тізімдерді/сөзтіркестерді сәйкестендіру

· классификациялау

Бұл сұрақ түрлерін IELTS емтиханына дайындық ретінде берілетін Practice Reading Tests мәтіндерінде де кездестіруге болады. Әдетте жүйелі дайындық – сапалы нәтиженің кепілі. Мәтіндерді үнемі оқу, оқу бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру – дайындық барысында Сіздің қолыңыздан келетін іс-шара.

IELTS емтиханының Academic Reading Test тапсыру стратегиялары

Бір сұраққа жауап беруге көп уақытыңызды жұмсамаңыз, себебі басқа оңайырақ сұрақтарға жауап беруге уақытыңыз жетпей қалуы мүмкін. Кейде сұрақты тастап кетіп, оған кейінірек қайтып келгеніңізде, оның жауабын табуға оңайға түседі. Сондықтан жауабын білмейтін сұрақтарды қорықпай тастап кете беріңіз. Оларға кейін қайта ораласыз. Кейде «дұрыс/бұрыс/жауабы жоқ» типтес сұрақтардың жауабы болмағандықтан, оны табу мүлдем мүмкін емес. Жоқты іздеп, уақытыңызды бекер кетіріп жатпағаныңызға көзіңізді жеткізіңіз.

Қарапайым қателерді жасамас үшін сұрақтар мен нұсқаулықтарды мұқият оқыңыз. Мысалы, адамдар «иә/жоқ/жауабы берілмеген» сұрақтарды «дұрыс/бұрыс/жауабы берілмеген» сұрақтарымен шатастырып, нұсқауда берілген жауапты жазбайды. Тест бойынша «иә» деген жауаптың орнына «дұрыс» деген жауап берсеңіз, Сіздің сөйлемді түсінгеніңізге қарамастан, жауабыңызға ұпай берілмейді.

Егер сұрақ бойынша бір ғана жауап беру талап етілсе, жалғыз ғана жауап беріңіз. Екі жауап берсеңіз, ұпай берілмейді. Мұндай нұсқаулар «... бір мысалын келтіріңіз» типтес сұрақтарда кездеседі. Мәтінді толық түсінгендігіңізді көрсеткіңіз келіп, бірден артық мысал жазсаңыз, жауабыңыз қате болып есептеліп, оған ұпай берілмейді.

Егер сұрақ бойынша үштен артық сөз жазуға болмайтын болса, үштен артық сөз жазбаңыз. 

Студенттердің оқу бөліміндегі ұнатпайтыны – грамматика мен орфографияның маңыздылығы. Грамматикадан қате жасамау оңай болғанымен (үш сөзде грамматикалық қате жасамау әбден мүмкін), орфографияны сақтау қиындық тудыруы ықтимал.  Сөзде кем дегенде бір әріпте қате жіберсеңіз, ұпай берілмейді. Кейбір адамдар оқу бөлімі грамматика мен орфографияны емес, оқу мен түсіну дағдыларын тексеку керек деген пікірде. Бірақ, ереженің аты ереже. Орындамауға лаж жоқ. Сондықтан, грамматика мен орфографияға мұқият болыңыз.

Студенттердің үнемі қоятын сұрақтарының бірі – алдымен сұрақты оқып, одан кейін мәтінді оқыған дұрыс па, әлде керісінше істеген жөн бе? Өз тәжірибемнен айтарым – бұл сауалдың жауабы әртүрлі факторларға байланысты: сұрақтың түріне, оның қиындығына, мәтіннің көлеміне, қалған уақытыңызға. Осы факторлардың әрқайсысына жеке тоқталайық.

Егер берілген сұрақ қиын болып, оның мағынасын түсінбесеңіз, онда алдымен мәтінді оқығаныңыз Сізге көмегін тигізуі мүмкін.  

Егер Сіздің оқу жылдамдығыңыз тез болса, онда мәтінді жылдам оқып шықсаңыз, уақытыңызды үнемдеп, мәтіннің мазмұнынан хабардар боласыз. Бұл Сізге сұрақтардың жауабын тезірек табуға септігін тигізеді. Егер мәтіндер қысқа болса, оларды тез оқып щығу қиын емес. Сондықтан, алдымен сұрақтарды оқып алған дұрыс.  Ал егерде уақытыңыз тапшы болса, онда мәтіннің көлемі маңызды емес. Бұл жағдайда ең маңыздысы – жауаптар парағына өз жауаптарыңызды түсіріп үлгеру.

Бұдан шығатын қорытынды, алдымен нені оқисыз – мәтінді ме, әлде сұрақты ма- бұл өз таңдауыңызда. Менің әдетте студенттеріме айтарым, жиі жаттығу жасап, тәжірибе негізінде қай әдіс қай жағдайда ыңғайлы және тиімді екенін анықтауды ұсынамын. Барлық сұрақтарға нақты жауапты тек жаттығу арқылы беруге болады.

Назарда ұстауды қажет ететін нәрселердің тағы біреуі – уақыттың қадағалануы. Сізге 1 сағат ішінде үш мәтінді оқып, 40 сұраққа жауап беру керек.  Егер Сіз бір мәтінге тым көп уақыт жұмсасаңыз, басқа мәтіндер бойынша оңай сұрақтарға жауап қайтаруға уақытыңыз болмай қалуы мүмкін. Жоғарда айтылғандай, қиын сұраққа тым көп уақыт жұмсамай, сағатқа да қарап қойыңыз. Бұл мақсатта алдыңызға сағат қойып қойғаныңыз жақсы болады. Себебі қанша уақытыңыз қалғанын оңай біліп отырасыз.

Бұған қосымша, тесттің әрбір бөлігіне қанша уақыт жұмсағаныңызды қадағалап отырыңыз. Тест әрбір бөлік сайын қиындай беретінін есіңізден шығармаңыз. Сондықтан соңғы мәтіннің сұрақтарына дұрыс жауап қайтаруға көбірек уақыт кетуі әбден мүмкін. Уақытыңызды төмендегідей жоспарлағаныңыз дұрыс болады: оқу бөлімінің бірінші бөлігіне 17 минут, екінші бөлігіне 20 минут, үшіншісіне – 23 минут.

Егер Сіз барлық тапсырмаларды бір сағат бітпей жатып аяқтап тастасаңыз, онда жай қарап отырмаңыз. Жұмысыңызды тексеріңіз. Жұмысты тексергеннен кейін де уақытыңыз қалса, онда тағы да тексеріңіз.

Оқу техникалары – Skimming (мәтіннің жалпы мағынасын ұғу) және Scanning (нақты ақпарат алу)

Skimming мен Scanning адамдар IELTS емтиханының оқу бөлімінде қолданатын екі маңызды техника. Мәселе «Екеуінің қайсысы жақсырақ екен?» де емес, себебі емтиханды бұлардың екеуі де аса қажет. Рет-ретімен екі техникаға да зер салып көрейік.

Skimming дегеніміз мәтіннің жалпы мазмұнын түсінуге арналған оқу техникасы. Мұны жасаудың әртүрлі жолдары бар. Сіз оқу жылдамдығыңызды баяулататын таныс емес сөздерге назар аудармай, өзіңіз білетін сөздерге көз жүгіртесіз. Бұл техникада ең бастысы – жылдамдық. Кейбіреулер мәтіннің кіріспесі мен қорытындысы берілген алғашқы және соңғы абзацын оқуды жөн көреді. Сонымен қатар, мәтіннің тақырыбын, тақырыпшасын оқып, берілген суреттерге де қараған дұрыс.  Өз бетім келтірілген әдістердің алғашқысын қолданамын. Бұл үшін, әрине, кез-келген мәтіндерді оқып, оқу жылдамдығын үнемі жоғарлатып отыру қажет.

Scanning. Бұл да оқу бөлімін нәтижелі тапсыру үшін аса қажетті техника болып саналады. Оқудың бұл түрін Сіз телефон анықтамасын немесе сөздіктен сөз іздегенде қолданасыз. Сіз бастан-аяқ, роман оқығандай, барлық жолды оқып шықпайсыз. Сіз арнайы бір мәліметті ғана іздейсіз: телефон номерін немесе сөзді. Арнайы мәліметті іздеу дағдысы аса қажетті, себебі емтихан барысында Сізге нақты ақпаратты табуға тура келеді. Сіз сұрақтағы тірек сөздерді оқып, мәтіннен осы сөздерге қатысты синонимдер мен ойларды іздеп табасыз. Бұл, әрине, бір істегеннен қалыптасатын дағды емес. Сондықтан, үнемі жаттығу қажет. Неғұрлым көп жаттығасыз, соғұрлым Сіздің оқу техникаңыз шыңдала береді.  

IELTS емтиханынан жоғары ұпай алудың  бір ғана құпиясы бар. Ол – жаттығу, жаттығу және жаттығу. Тіпті, ағылшын тілін жетік меңгергендердің өздеріне де емтиханға бармас бұрын жаттығу жасау қажет.

Әрине, дайындық кезінде мына әдіс дұрыс, ана әдіс бұрыс деп айтуға келмейді. Әркім өзіне ыңғайлысын таңдайды. Әрбір әдістің тиімділігін емтиханның нәтижесі көрсетеді. Сондықтан емтиханға дайындық барысында дұрыс әдіс таңдап, қажетті ұпай жинауыңызға тілектеспін. Төменде Сіздің дайындығыңызды одан ары тереңдете түсетін интернет сайттардың тізімі берілген. Сәттілік тілеймін!!!

 


1.      www.scottsenglish.com

2.      www.ielts.org

3.      www.world-english.org

4.      www.britishcouncil.org

5.      www.ielts-exam.net

6.      www.examenglish.com

7.      www.ielts4u.net

8.      www.idp.com

9.      www.ieltstest.nl

10.  www.multilinguist.ru


 

 

Кунебаев Н.И.,

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

«Назарбаев  Интеллектуалды Мектебі»

Категория: Обучение чтению | Добавил: ДТ (30.11.2011) | Автор: Кунебаев Нурлыбек E W
Просмотров: 1885 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Опрос 1
Вы любите свою профессию?
Всего ответов: 15
Опрос 2
Какое у вас сейчас настроение?
Всего ответов: 26
Плеер
Соц. закладки
Праздники
Форма входа
Категории раздела
Обучение чтению [1]
Обучение письму [1]
Аудирование [1]
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
     Бесплатная раскрутка сайта