Каталог статей

Главная » Статьи » Методика » Аудирование

IELTS тыңдалым

IELTS емтиханынан қажетті ұпай жинау қиын емес

 

ACADEMIC LISTENING TEST (тыңдап-түсіну) тапсырудың құпиялары

IELTS емтиханына дайындық барысында оқытушының оқушыға ең аз көмегі тиетін бөлігі бұл Academic listening test. Кез-келген адамның тыңдап-түсіну дағдысы тек қана үнемі жаттығу жасау арқылы дамиды. Емтиханды нәтижелі тапсыруға аса қажетті бұл дағдының жақсаруына мұғалімнің тікелей әсері аз.  Біздің қолымыздан келетіні – емтиханды ойдағыдай тапсыруға арналған ақыл-кеңес беріп, оны жазу кезінде кездесетін тапсырмалардың түрлерін анықтау. Бұдан кейінгісі ең дұрысы – ағылшын тіліндегі кез-келген аудиомәтіндерді және IELTS емтиханына дайындық ретінде берілетін Practice Listening Tests мәтіндерін неғұрлым көп тыңдау.

IELTS емтиханында Academic listening test шамамен 40 минутқа созылады. Төрт бөлікте 40 сұрақ беріледі. Бірінші және екінші бөліктері ағылшын тілінде сөйлейтін әлеуметтік тақырыптарға арналса, үшінші және төртінші бөліктерін білім алу мәселелерін қарастырады.  Аудиомәтіннің ұзақтығы 30 минут құрайды. Бұл уақыт біткен соң Сізге өз жауаптарыңызды жауап парағына көшіру үшін қосымша 10 минут беріледі.

Бірінші бөлік. Мұнда Сіз екі адамның әңгімесін естисіз. Әңгіме екі бөліктен тұрады. Сіз осы әңгімеге негізделген 10 сұраққа жауап беруге тиістісіз. Бөлік басталмас бұрын мысал оқылып, жауапты беру себебі түсіндіріледі. Бұл мысал сөйлем нақты аудиомәтін басталғанда да қайталанады.

Екінші бөлік.   Мұнда Сізге монолог ұсынылады. Монологты дамыту мақсатында оған екінші адам қосылуы мүмкін. Монолог екі бөліктен тұрады.Сізге тыңдаған мәтін бойынша 10 сұраққа жауап беру керек.  

Үшінші бөлік. Мұнда Сіз 2, 3 немесе 4 кісінің арасындағы әңгімені естисіз.  Әңгіме екі бөліктен тұрады.Сізге тыңдаған мәтін бойынша 10 сұраққа жауап беру қажет.

Төртінші бөлік.   Мұнда Сізге тағы да монолог ұсынылады. Монологты дамыту мақсатында оған екінші адам қосылуы мүмкін. Монолог екі бөліктен тұрады.Сізге тыңдаған мәтін бойынша 10 сұраққа жауап беру керек.  

IELTS емтиханын тапсырушылардың кездесетін негізгі қиыншылығы – аудиомәтін бір рет ғана тыңдатылады. Сондықтан Сізге мәтінді өте мұқият тыңдап, өз жауаптарыңызды жылдам жазып келесі жауапқа дайын болу қажет. Тағы бір айтып кететін жағдай – емтихан тапсырушылар әдетте алдарында тұрған тірі адамды тыңдауға дағдыланған. Ал емтихан барысында олар аудиожазбаны тыңдайды. Демек бұл дағдыны күнделікті жаттығулар арқылы қалыптастыру керек. Жоғарыда айтылғандай, емтиханнан жоғары ұпай алу үшін тыңдап-түсіну дағдысын жаттығулар көмегімен барынша дамыту қажет.    

Бағалау

Жоғарыда айтылғандай, IELTS емтиханының Academic Listening Test бөлігі 40 сұрақтан тұрады және әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Жарты ұпай берілмейді. 40 сұраққа берілген дұрыс жауаптар саны төмендегі кесте бойынша 1 мен 9 арасындағы ұпайларға ауыстырылады.

IELTS Academic Listening Test бойынша дұрыс жауаптарға берілетін ұпай саны

Дұрыс жауап саны

 Ұпай саны

1
2-3
4-9
10-16
17-24
25-31
32-36
37-38
39-40

1
2
3
4
5
6
7
8
9

IELTS Academic Listening Test сұрақтарының түрлері

IELTS емтиханының Academic listening test бөлімінде кездесетін сұрақтар түрлері нақты және шектеулі. Олар төмендегідей:

· бірнеше жауаптан дұрысын таңдау

· қысқа жауаптар

· сөйлемді толықтыру

· схема/диаграмма/кесте/график толықтыру

· ұсынылған суреттің цифрлармен белгіленген бөліктерін атап жазу

· классификациялау

· тізімдерді/сөзтіркестерді сәйкестендіру

Бұл сұрақ түрлерін IELTS емтиханына дайындық ретінде берілетін Practice Listening Tests мәтіндерінде де кездестіруге болады. Әдетте жүйелі дайындық – сапалы нәтиженің кепілі. Аудиомәтіндері үнемі тыңдау, тыңдап-түсіну бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру – дайындық барысында Сіздің қолыңыздан келетін іс-шара.

IELTS емтиханының Academic Listening Test бөліміне дайындық

Тыңдап-түсіну дағдысын дамытудың бірнеше жолы бар. Ең тиімдісі және нәтижелісі – IELTS  емтиханын тапсыруға арналған арнайы материалдар жинақтамаларын қолдану. Әрине, олардан басқа да көптеген әдістер бар. ВВС радиосының жаңалықтарын тыңдау – тамаша таңдау, себебі Сіз аудиомәтінді сөйлеушіні көрмей тыңдап-түсінуге дағдыланасыз. Теледидар бағдарламаларын да тыңдау – керемет мүмкіндік. Сонымен қатар, баспасөз басылымдарын, кітаптарды оқу, кино фильмдер көру көптеген көмегін тигізеді. Осының бәрі Сіздің тыңдап-түсіну дағдыңызды дамытуға зор үлесін қосады.

IELTS емтиханының Academic Listening Test тапсыру стратегиялары

Тест кезінде уақыт тапшы болғанымен, Сіз көп нәрсе істей аласыз. Алдымен Сізде әрбір бөліктің алдында және бөліктің ортасында сұрақтарды оқығанға  уақыт беріледі. Бұл уақытты (әдетте 20 секунд) ұтымды пайдаланыңыз. Аудиотаспаны тыңдамас бұрын, Сіз бүкіл сұрақтарды түсініп үлгеру керексіз. Бөліктің соңында да Сізге өз жауаптарыңызды тексергенге уақыт беріледі. Бұл уақытты берілген жауаптарыңызды тексеруге ғана емес, сонымен қатар келесі бөліктегі сұрақтарды алдын-ала оқуға жұмсаңыз.

Сұрақтарды оқығанда берілетін кейбір жауаптарды алдын-ала болжай аласыз. Мысалы, тыңдалымның бірінші бөлігінде Сізден телефон номерін сұраса, Сіз цифрлар мен «телефон» сөзін естимін деп күтесіз. Кейінгі бөліктерде бұл, әрине, күрделене түседі, бірақ жобалау техникасы бірдей болып келеді. Емтиханға дайындық барысында осы туралы ойласаңыз, Сіз бұл дағдыны анағұрлым дамыта аласыз.

Сонымен қатар, цифрды (мысалы телефон номерін) немесе әріптерді (мысалы шетелдік пошта индексін) жазуды талап ететін сұрақтарда мұқият болыңыз, себебі Сіз дұрыс жауабы деп ойлаған сөйлемді сөйлеуші тек қана өзінің ойы қате екенін білдірту үшін айтып, сұраққа жауап болатын сөйлемді содан кейін айтуы мүмкін.

Тағы бір ескертетін жәйт – барлық сұрақтардың жауабын аудиомәтінді тыңдап отырып беріңіз. Жауап беруді кейінге қалдырмаңыз.Кейбір адамдар дұрыс жауапты естігенде, оны есіне сақтап алып, қағазға кейін түсіремін дейді. Бұл қате пікір. Біріншіден, олар жауапты көбінесе ұмытып қалады. Екіншіден, егер Сіз осы әдісті таңдасаңыз, Сізге қатарынан 5-6 жауапты есіңізде сақтауға тура келеді. Ақырында Сіз дұрыс жауаптардың басым бөлігін ұмытып қаласыз.

Жоғарыда айтылғандай, тест соңында жауаптарыңызды сұрақ кітапшасынан жауап парағына көшіруге 10 минут уақыт беріледі. Кейбіреулері өз жауаптарын бірден жауап парағына жазады. Менің ойымша, жауаптарды сұрақ кітапшасына жазып, бөлінген 10 минутты оларды жауап парағына көшіруге арнаған дұрыс. Жауаптарыңызды сұрақ кітапшасына жазу Сізге назарыңызды сұрақтарда ұстауға мүмкіндік береді. Ал егерде қате жасасаңыз, оны түзеу қиын емес.

Студенттердің тыңдалымда ұнатпайтын мәселелерінің бірі – мұнда дұрыс грамматика және сөздің қатесіз жазылуы талап етіледі. Грамматика онша қиын болмағанымен (жазуға рұқсат етілген не бары 3 сөзде қату жасамау әбден мүмкін), егер Сіз кем дегенде бір әріпте қате жіберсеңіз, жауабыңыз есепке алынбайды. 

Егер жауапты 3 сөзден асырмай беру керек болса, үш сөзден артық сөз қолданбаңыз. Төрт сөз жазсаңыз, жауабыңыз жарамсыз болады.

Жауапты естімей қалсаңыз, сасқалақтамаңыз. Жауапты расымен өткізіп алсаңыз, ол енді ешқашан қайталанып айтылмайды. Сасқалақтау немесе өз жауабыңызды іздеу, тек қана келесі сұрақтың дұрыс жауабын естимей қалуға әкеліп соғады. Бір сұрақтың жауабын білмей қалғаныңыз, бүкіл емтиханның нәтижесіне айтарлықтай әсерін тигізе қоймас. Сондықтан, өзіңізді қолыңызға алып, келесі сауалдың жауабына дайын болыңыз. Кейде Сіз жауапты жіберіп алдым деп ойлағаныңызбен, бұл ойыңыз қате болуы мүмкін. Егер Сіз тыңдауды жалғастыра берсеңіз, қажетті жауап айтылуы немесе сөйлеуші оны тағы бір мәрте анықтай түсуі мүмкін.

Сұрақты ешқашан жауапсыз қалдырмаңыз, әсіресе, егерде бұл таңдау (A,B,C,D) немесе сол тәріздес сұрақ болса. Егерде шынымен жауабын білмесеңіз, онда тәуекелге бел буып, өзіңізге ұнайтын жауапты белгілей салыңыз. Қате немесе, тіпті, ақылға қонбайтын жауап берілгені үшін ұпай кемітілмейді. Сондықтан бағыңызды сынаудан тайынбаңыз. Логика, жалпы біліміңіз немесе жай ғана сәттілік Сізге дұрыс жауапты таңдауға көмектеседі. 

Дегенмен, жүйелі дайындық – жоғары нәтиженің кепілі.

(жалғасы бар)

Кунебаев Н.И.,

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

«Назарбаев  Интеллектуалды Мектебі»

Категория: Аудирование | Добавил: ДТ (30.11.2011)
Просмотров: 2946 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Опрос 1
Вы любите свою профессию?
Всего ответов: 15
Опрос 2
Какое у вас сейчас настроение?
Всего ответов: 26
Плеер
Соц. закладки
Праздники
Форма входа
Категории раздела
Обучение чтению [1]
Обучение письму [1]
Аудирование [1]
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
     Бесплатная раскрутка сайта